Skip to content

Kaspi Gold картасы Apple Pay-ге қосылды: Төлем жүйесін реттеудің екі оңай жолы

Жылдар бойы тек өз «Kaspi QR» жүйесіне иек артып келген еліміздегі ең ірі банк экожүйесі «темір пердені» сәл де болса түріп, Apple Pay-ді іске қосты.

ЖИ көмегімен жасалған фото. Kaspi Gold картасын Apple Pay-ге қосып жатқан адам бейнесі.
🎧
Аудио нұсқа

Оқуға уақыт болмаса немесе жолда болсаңыз, мақаланың аудио нұсқасын тыңдай аласыз.

Енді дүкенде немесе кафеде телефонды терминалға тақап, қолданбадан Kaspi QR іздеп әлек болмайсыз, Apple Pay арқылы жылдам төлей бересіз.

Мұны қалай жасаймыз? Екі оңай жолы бар.

Бірінші жолы: Kaspi қолданбасы арқылы

Бұл — ең жылдам әрі ыңғайлы нұсқа.

Kaspi.kz қолданбасының интерфейсі

Ол үшін Kaspi қолданбасына кіріп, «Жеке Банк» бөліміне өтесіз. Ашылған беттің төменгі жағында тұрған «Apple Pay-ге қосу» батырмасын басып, экранда шыққан нұсқауларды орындасаңыз болғаны, картаңыз дайын.

Kaspi.kz қолданбасының интерфейсі. Әрекет бөлімінің тармақтары.

Егер бұл батырма көрінбей тұрса, App Store-ға кіріп, Kaspi қолданбасын ең соңғы нұсқасына дейін жаңартып алыңыз.

Екінші жолы: Apple Wallet арқылы

Егер картаны iPhone-ның өз жүйесі арқылы қосқыңыз келсе, телефондағы Wallet қолданбасын ашып, оң жақ жоғары бұрыштағы «плюс» (+) белгісін басыңыз. Содан кейін «Дебеттік немесе несиелік карта» дегенді таңдап, жаныңызда Kaspi Gold картасы болса, оны камераға түсіресіз немесе оның 16 таңбалық нөмірі мен CVV-кодын қолмен енгізесіз.

Wallet қолданбасының интерфейсі.

Егер Apple Watch тағып жүрсеңіз, бұл қадамнан кейін жүйе оған да қосуды ұсынады.

Осыдан кейін Wallet сізді автоматты түрде Kaspi.kz қолданбасына бағыттайды. Ол жерде Kaspi ID (бетті сканерлеу) арқылы процесті растасаңыз болғаны, карта іске қосылады.

Wallet қолданбасына карта сәтті қосылған кездегі интерфейс.

Пайдалы кеңес

Карта сәтті қосылған соң, оны Wallet ішінде негізгі карта ретінде белгілеп қойсаңыз болады. Сонда телефонның бүйіріндегі түймені екі рет басқанда бірден Kaspi Gold шығады да, төлем жасау жылдам жүзеге асады.

Kaspi-дің бұл қадамы iPhone мен Apple Watch қолданушылары үшін үлкен жеңілдік. Енді Kaspi QR кодын ашу үшін интернет «ұстамай» қала ма деп алаңдаудың қажеті жоқ. Терминалы бар кез-келген жерден оп-оңай төлей бересіз.

Соңғы