Қаржы көзі

Біз ақшаны қалай табамыз?

nükte. медиасының басты мақсаты – аудиториямызға танымдық форматта шынайы, мазмұнды және сенімді ақпарат беру арқылы әлемді жақсырақ түсінуге және саналы шешім қабылдауға мұрындық болу. Осы маңызды жұмысты қаржыландыру үшін біз әртүрлі кіріс көздеріне сүйенеміз: жарнама, гранттар және оқырмандардың қолдауы.

Қаржыны қайдан алсақ та, редакция тәуелсіздігі – біздің басты қағидамыз. Жарнама берушілер, түрлі грант беруші ұйымдар немесе басқа сыртқы көздер қаржылай қолдау көрсеткен кезде, біз бұл туралы ақпаратты ашық көрсетіп, аудиториямыздың сенімін сақтауға басымдық береміз.

Кіріс көздері

Жарнама

Жарнама – біздің қаржы моделіміздің негізгі бөлігі. Ол жұмысымызға қаржылай қолдау көрсетіп, жасап жатқан контентіміздің кең аудиторияға тегін жеткізуге көмектеседі. Біз жарнама төңірегінде қатаң ережелер ұстанамыз, яғни серіктестеріміз біздің құндылықтарымызға сәйкес келуі қажет. Біз қоршаған ортаға, қоғамға зиян, залал келтіретін немесе жалған ақпарат тарататын ұйымдардан жарнама қабылдамаймыз.

nükte. медиасында жарнама мүмкіндіктері бойынша ұсыныс алу үшін бізге мына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: info@nukte.io

nükteam жанашырлары

nükteam бағдарламасы жанашыр оқырмандарымыздың бізді қаржылай қолдауына мүмкіндік береді. nükteam жанашырларының қолдауы жарнама нарығындағы тұрақсыздықты жеңуге көмектесіп, ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Құдды Patreon сынды платформаларда мүше болу сияқты nükteam жанашыры бола отырып, сіз келесі артықшылықтарға ие боласыз:

• Тек мүшелерге арналған ақпараттық хаттар

• Арнайы контент: бейнематериалдар, подкасттар және редакция жұмысының ішкі құпиялары

Сіздің қолдауыңыз біздің аяқта тұрып, маңызды да пайдалы журналистиканы жалғастыруға мүмкіндік береді. Мүшелік бағдарлама туралы толығырақ білу немесе тіркелу үшін info@nukte.io поштасына жазыңыз.

Гранттар және қайырымдылық қолдау

Біз білімді арттырып, әлеуметке пайдасы бар жұмыстарды қолдайтын ұйымдар мен қорлардан гранттық қолдауды қуана қабылдаймыз. Егер контент грант арқылы қаржыландырылса, біз оны ашық түрде көрсетеміз, мысалы: “Бұл жоба [Қор атауы] гранты арқылы жүзеге асты.”

Біздің қазіргі және бұрынғы серіктестеріміз:

• Internews Kazakhstan

Грант берушінің қаржыландыруы редакциялық шешімдерге ешқашан әсер етпейді. Егер сіздің ұйымыңыз nükte. медиасына грант арқылы қолдау көрсеткісі келсе, бізге мына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: info@nukte.io

Түйін

Қаржылай тәуелсіз болу бізге шынайы және сенімді журналистиканы жалғастыруға мүмкіндік береді. nükte. қоғамға зиян келтіретін, алауыздық, озбырлық тудыратын немесе жалған ақпарат тарататын ұйымдар мен адамдардан қаржыландыруды қабылдамайды.

nükte. медиасына қолдау көрсете отырып, сіз шындық пен қоғам игілігін дәріптейтін ақпарат кеңістігін қалыптастыруға үлес қосасыз. Бізге қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамыз!