Жердің айналу жылдамдығы өзгеруде. NASA зерттеуі себептерін түсіндіреді.

Климаттың өзгеруі Жердің баяу айналуына және тәуліктің ұлғаюына себеп болатынын NASA қаржыландырған екі зерттеу нәтижесі көрсетті.

Жердің айналу жылдамдығы өзгеруде. NASA зерттеуі себептерін түсіндіреді.
Фото авторы Supri Yanto / Unsplash

Мұздықтардың еруі және жер асты суларының азаюы планета массасын ығыстырып, Жердің айналғанда тербелуіне және оның осінің ығысуына әкеледі. Бұл құбылыс polar motion деп аталады және ол соңғы 120 жыл ішінде планетаның айналу осінің шамамен 10 метрге ығысуына себеп болды.

Polar motion — Жер полюстерінің өз географиялық осінен ауытқуын білдіретін термин. Полюстердің қозғалу процесін оңай түсіну үшін, саусақ үстінде айналып тұрған баскетбол добын елестетуге болады. Доп тепе-теңдікте болғанда және оның полюстері саусақ ұшымен тұспа-тұс келгенде, ол тік айналады. Бірақ доптың массасы ауысқан бойда ол теңселіп бастайды.

Бұл анимация Жердің айналу осінің (сарғыш түсті) оның географиялық осінен (көк түсті, Солтүстік және Оңтүстік полюстерінің арасындағы қиялдағы сызық) ауытқыған кезде Жердің айналуы қалай теңселетінін көрсетеді.

Магнитті полюстің ауытқуы негізінен қалыпты жағдай. Алайда осыдан екі ғасыр бұрын Канада артикасында орналасқан полюс нүктесі 150 жыл бойы байыппен орын ауыстырса (10-15км/жылына), соңғы 50 жылда оның ауытқу жылдамдығы едәуір өсіп, жылына 50-60км құрады. 1900-2015 жылдар аралығындағы Жер полюсінің ауытқу динамигін NASA құрастырған симуляциядан бақылай аласыз.

Климат өзгеруінің Жер шарына әсері

Ғалымдар жүз жылдан астам деректерді талдап, Жер осінің барлық дерлік (90%) ауытқулары жер асты суларының, мұздықтардың, мұз жамылғыларының және теңіз деңгейінің өзгеруімен байланысты екенін анықтады. Бұл өзгерістер XX ғасырда негізінен табиғи климаттық циклдарға байланысты болса, 2000 жылдан бастап парник газдары сынды климатқа жасалған антропогенді әсердің көбеюі мұздықтар мен мұз жамылғыларының еруін жеделдетіп, планетаның баяу айналуына одан әрі септігін тигізді. Жердің баяу айналуының бір себебі полюстағы мұздардың жылдам еріп, Жер массасын полюстерден экваторға қарай ығыстыруында жатыр. Баяу айналу өз кезегінде тәулік мерзімінің ұлғаюына әкеледі.